Астанадан Франкфуртқа ұшып шыққан ұшақ Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған. Бұл Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания мәліметінше, 8 мамырда Астана - Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08:54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11.34-те Ақтөбеге қонған.
"Әуе кемесінің экипажы қауіпсіздік рәсіміне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қонды. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компаниясы Алматыдан ұшақ жіберді. Рейс бүгін сағат 14.20-ға жоспарланған. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі - әуе компаниясының басты басымдығы", - деп жазылған хабарламада.
Әуе компания жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!