- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанадан электрлі жаңа...
Астанадан электрлі жаңа пойыздар жолға шықты
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қңында Елордадан «Астана-Қарағанды» және «Астана-Көкшетау» бағыттары бойынша жайлылығы жоғары екі жаңа электрлі пойыздар сапарға аттанды, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Электрлі пойыздар әлемдік қала маңы стандартына толығымен сәйкес келеді. Сонымен қатар олар Кедендік Одақтың техникалық регламентіне де сай. Жаңа құрамда жолаушыларға барлық жағдай жасалған: ыңғайлы жұмсақ кресло, пассивті қауіпсіз креш-жүйе, Wi-Fi базасындағы ақпараттық-ойын-сауық порталы (жолаушыларға жалпы ақпаратты көру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар көңіл көтеретін фильмдер мен ойындар) деректемелерді тіркеп отыратын салондар мен тамбурлардың бейнебақылау жүйесі, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жол жүру параметрі туралы ақпараты бар «Жүгіртпе жол» ақпараттық таблосы және тағы да басқалары. Сонымен қатар мүмкіндігі шектелген жолаушылар вагонға отыру үшін мамандырылған көтергіш, қауіпсіздік белбеумен, жеңіл арбаны бекітуге арналған құрылғы және жолсерікті шақыру үшін жеке батырмасымен қамтамасыз етілген мүгедектер үшін жеке орындар, мүгедек арбасын жылжыту мүмкіндігі үшін есігі кең алаңы ұлғайтылған экологиялық таза дәретхана кешені бар.
Астанадан Қарағандыға шыққан электрлі пойыздың жол бойында 3 аялдамасы бар, олар Вишневка, Осакаровка, Қарағанды-Сұрыптау станциялары. Астанадан-Көкшетау электрлі пойызының жолында 3 аялдамасы бар, олар Ақкөл, Макинка, Курорт-Бурабай станциялары. Электрлі пойыз құрамында 2 вагон бірінші класты, 2 вагон екінші класты және 2 вагон үшінші класқа жатады.
T. Кіршібаев