Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana әуе компаниясы бірқатар рейске өзгеріс енгізді. Бұл өзгерістер Дубай бағытындағы сапарларға әсер етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін сағат 07:10-да Астанадан Дубайға бет алған KC205 рейсі ұшып шыққан әуежайына қайта бұрылды.
Сондай-ақ, 12 шілдеде сағат 08:50-де ұшуға тиіс KC897 Алматы - Дубай рейсі тоқтатылды.
"Жолаушыларға билет құны сатып алынған жері бойынша толық қайтарылады. Ұшу кестесіндегі алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарланады", — делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеру сұралады, себебі баратын әуежайларға ұшу және қону уақытында өзгерістер болуы мүмкін.
Компания жағдайды жіті бақылап отырғанын және жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешіп жатқанын қосты.
Еске салайық, наурыздың басында Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға қатысты рейстерді уақытша тоқтатқан болатын, кейіннен ұшулар қайта жанданды. Бұған қазіргідей Таяу Шығыстағы жағдай себеп болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz