Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты

Бүгін, 13 желтоқсанда Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа пойыздың вагондарына елорданың бірегей көрнекі жерлері, атап айтқанда, Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем және басқа да нысандары бейнеленген. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған.

Вагондардың ішкі безендірілуінен Астананың мәдени ерекшеліктерін және Бурабай курортты аймағының табиғи сұлулығын көруге болады.

Пойыздың тағы бір ерекшелігі - эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты деректермен таныса алады.

Пойыз Нұрлы жол (Астана) станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді. Жол жүру уақыты - 2 сағат 26 минут.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!