- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Астанадан 150 миллионға...
"Астанадан 150 миллионға үй сатып алған". Шымкент коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деген күдікке ілінді
ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті қомақты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бір топ адамдармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін биыл жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.
Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған.
Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды. Соталды тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек