Астанадағы вокзалда кішкентай баланы қалдырып кеткен: полиция оның анасын іздеп жатыр

Астанадағы ескі вокзал маңында кішкентай бала табылды. Ол медициналық мекемеге орналастырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

WhatsApp-тағы чаттарда қараусыз қалған бала туралы хабарлама тарады. Онда оны "Баладан бас тартамын" деген жазумен әдейі жалғыз қалдырып кеткені айтылған.

Көлік басқармасының баспасөз қызметі мұны растады. Олар полиция баланың анасын іздеп жатқанын хабарлады.

"Астана" станциясындағы полицияның желілік басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!