Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өрт сөндіру оқпандары енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
ТЖМ бірінші бөлімшесі келгеннен кейін 3 қабатты ғимарат ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 100 адам жеке құрам мен 24 бірлік техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!