Астанадағы Ұлы дала даңғылын су басты

Астанадағы Ұлы дала даңғылын су басты

Елордада Ұлы дала даңғылын су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Астанадағы полигонда жиналған қар еріп, Ұлы даңғылын су басты. Бүгінде онда ТЖД және жергілікті атқарушы органның күші жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ су басқан жерде 110 өрт-сорғы станциясы және 7 мотопомпа жұмыс істеп жатыр. Еріген суды бұру жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, бүгінде су басқан өңірлерден 118 мың 116 адам, оның ішінде 44 241 бала құтқарылды.

113 852 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 19 656 адам үйлеріне оралды.

Сондай-ақ эвакуациялау пункттерінде 8850 адам, оның ішінде 3948 бала бар.

Сонымен қатар 4 274 тұрғын үй мен 2 719 ауладан су бұрылды.

Қазіргі таңда 10,3 млн м3 еріген қар суы сорылып, 3,3 млн қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Есен