Астанадағы Ұлттық пантеонда тек 4 бос орын қалған, зиратты кеңейту қажет. Бұл туралы Астана мәслихатындағы жерлеу орындарын күтіп ұстауға арналған жиында белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Астананың Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлының айтуынша, пантеонда бос тұрған 25 орынның төртеуі ғана қалған. Қазіргі уақытта зират аумағын кеңейту қажет.
"Пантеон туралы бөлек әңгіме болады. Дайындаңыздар (құжаттарды - ескерту.), тамыз айының басында барамыз, сырттай жиналыс өткіземіз", - деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Қанәлімов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!