Астанадағы Түркістан көшесі төрт күнге жартылай жабылады

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған байланысты 21-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы Алматы көшесінен Сығанақ көшесіне қарай бір бағытта ұйымдастырылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады Астана әкімдігі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!