Бүгін ауруханада жатқан өртсөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай күресті. Асқар Астана қаласында болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару кезінде батырлық танытты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие. ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді", - деді ТЖМ өкілдері.
Асқардың әйелі мен екі баласы қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!