• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астанадағы тұрғын үй кешенінің кіреберісін қоршау жауып қалды

Астанадағы тұрғын үй кешенінің кіреберісін қоршау жауып қалды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің кіреберісін қоршау жауып тастады. Астана тұрғындары үйге кіріп-шығу қолайсыздық тудырып жатқанына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Астанадағы бір тұрғын үйдің кіреберісі қоршаумен жабылғаны түсірілген фотолар тарады.

Фото: Астана әкімдігі

Әкімдіктің мәліметінше, қоршау орнатылған аумақ - жекенің меншігі.

Фото: Астана әкімдігі

"Buqar Jyrau Exclusive 2 тұрғын үй кешенінің жанындағы қаңылтырмен қоршалған аумақ жекенің меншігі болып есептеледі. Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері учаскенің иесімен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде тұрғын үй кешені тұрғындарының кедергісіз кіріп-шығуы үшін құрылымды 2 метрге жылжыту туралы шешім қабылданды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Фотолар: Tengrinews.kz

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget