- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанадағы тұрғын үй...
Астанадағы тұрғын үй кешенінен шыққан өрт: пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме?
Астана әкімдігі "өрт шыққан тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
22 маусымда елордада Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінде өрт болды. Өрт 250 шаршы метр аумақты қамтыды.
Қала әкімдігі комиссия құрылғанын және ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатқанын хабарлады.
"Өрт салдарынан зардап шеккен пәтерлер мен қасбеттерді жөндеу жұмыстары бюджет есебінен жүргізілмейді. Бұл ғимаратта өрт болғанын ескере отырып, комиссия ғимаратты одан әрі пайдалануға байланысты техникалық мәселелерді қарастырады. Қала әкімдігі ұйымдастыру мәселелері бойынша көмек көрсетеді", - деді елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кеше, 23 маусымда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өрт салдарынан зардап шеккен пәтер тұрғындарымен кездесті. Одан кейін өрттің салдарын жою үшін жұмыс комиссиясы құрылғанын хабарлады.
"Қазір сарапшылар техникалық қорытынды береді, содан кейін біз дереу қасбетін қалпына келтіріп, бұзылған пәтерлерді жөндеуге кірісеміз", - деп жауап берген еді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.
Астана әкімінің бұл жауабына желі қолданушылары "зардап шеккен пәтерлер мен көпқабатты үйдің қасбетін неге қалалық бюджет есебінен қалпына келтіру керек" деп, таңғалыстарын білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы