Астанадағы түнгі клубта жантүршігерлік қылмыс жасалған. Салдарынан 19 жастағы жігіт ажал құшқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марқұмның әпкесі Аружан Әбді әлеуметтік желіде үндеу жариялап, оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Шабуыл жасағандардың саны әзірге белгісіз. Бірақ бұл жерде бір ғана бала емес. Солардың бірі жүрекке екі рет, аяққа екі рет пышақ сұғып, қолына да жарақат салған. Қазір біреуі ғана ұсталды", - деді ол.
Ол оқиға кезінде клубта полиция қызметкерлері, күзетшілер мен әкімшілер болғанын, бірақ ешқайсы араласпағанын мәлімдеді. Марқұмның туысы әділдікті талап етті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова