Астанадағы туға қатысты оқиға: полиция қылмыстық іс қозғады
Ішкі істер министрлігі Астанадағы LED-экранда Ресей мемлекеттік туы Украина туына ауыстырылуына қатысты оқиғаны тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқаларын, соның ішінде техникалық ақаулары бар нұсқаларды, сондай-ақ Keruen Media компаниясының жабдықтарының жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.
"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылады", - делінген хабарламада.
Бұл оқиғаға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметі де пікір білдірді.
"Алдын ала мәліметтер бойынша шабуыл прокси-серверлер арқылы жүзеге асырылды, бұл дерек бойынша Мемлекеттік техникалық қызмет әсер ету көзін анықтау үшін бірқатар техникалық шара жүргізіп жатыр", - делінген жауапта.
Еске салайық, кеше Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орай Астананың айналасына ресейлік тулар ілінді. Олар электрон дисплейлерде де пайда болды. Кешке куәгерлер желіде "Астана Опера" театрының жанындағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туына ауысқанын байқаған. "Керуен Медиа" ЖШС мұны техникалық ақау деп түсіндірді. Желіде хакерлік шабуыл туралы ақпарат пайда болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек