Астанадағы трагедия: өртсөндірушілерге кедергі келтірген көліктің иесі жазаланды

Астанадағы трагедия: өртсөндірушілерге кедергі келтірген көліктің иесі жазаланды
Фото: Видео кадры

Астанада өрт болған "Көркем-3" тұрғын үй кешенінің ауласына кірер жолды бөгеп тастаған көлік иесі жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, ережеге қайшы қойылған көлік оқиға орнынан дереу алынған.

"Жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін заңбұзушылықтар қатаң түрде тыйылады", - деді полиция.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерлердің бірінде болды.

Пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Өртсөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды, кейін ол ауруханаға жатқызылды. Жоғары қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (@112astana) 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget