Астанадағы тасжолдың бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астана көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жұлдыз айналымынан бастап Garden Village коттедж кентінің бұрылысына дейінгі учаскеде Қарқаралы тасжолы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған байланысты, осы жылғы 17-21 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етіледі.

"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз