Астанадағы саябақта орналасқан аттракционда аяқ асты болған жайт жұртты шошытты

Астанадағы саябақта орналасқан аттракционда аяқ асты болған жайт жұртты шошытты
Фото: скриншот

Әлеуметтік желіде Астанадағы Орталық саябақта болған жайтқа қатысты видео тарады. Видеода аттракциондағы сым аяқ астынан үзіліп, шұғыл тоқтату сигналы беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап. 

Видео авторы - аттракционда отырған адамның өзі. Астаналық жігіт пен оның қызы аттракционда жалғыз отырған. Видеодан қыз бала бір сәтте қобалжи бастағанын аңғаруға болады. 

@daniil.3927 #аттракционыастана #ветерастана #фейкситуация #перезалив ♬ оригинальный звук - ДаНя

Жігіт аттракционнан түскеннен кейін үзіліп кеткен кабельді көрсетеді.   

Бұл жайтқа қатысты саябақтың әкімшілігі пікір білдірді. Ондағылар бұл оқиғаны растағанымен кабель аттракционның жұмыс істеу механизмімен байланысты емес екенін айтады. 

Әкімшілік мәліметінше, аттракционда отырған адамдар айғайлай бастағаннан кейін оператор біреудің жағдайы нашарлай бастады деп ойлап, шұғыл стопты басқан. 

@daniil.3927 Ответ пользователю @zxcat66 #аттракционыастана #аварияаттракцион #ветерастана ♬ оригинальный звук - ДаНя

"Аттракцион штаттық режимде тоқтатылды, онда отырған адамдар жерге түсті. Екі деңгейлі қауіпсіздік жүйесі өшірілмеді, барлық қауіпсіздік құрылғылары штаттық режимде тоқтатылды", - дейді саябақтың әкімшілігі. 

Олардың сөзінше, аттракцион барлық стандартқа сай көрінеді. 

Алайда аттракционда отырған қыз жағдай мүлде басқаша болғанын айтады. Оның сөзінше, сымдар үзіле бастаған кезде аттракцион селкілдеп, шұғыл тоқтату түймесі істемеген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина