Астанадағы сауда орталығы не үшін қоршауға алынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Астанадағы сауда орталықтарының бірі қызыл лентамен қоршауға алынып, ішіне арнайы жасақ өкілдері асығып кіріп бара жатқан видеолар тараған болатын.
Терроризмге қарсы жедел штаб мәліметінше, 25 наурызда Астана аумағында "Найза-Антитеррор-2023" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілген.
Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!