Әлеуметтік желіде Астанадағы әскери парад кезінде кеудесінде медальдары бар қарияны трибунаға кіргізбей қойған сәттің әсерлі видеосы тарап кетті. Бұл жағдай желіде дау туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарт күзетшіден өзін жіберуді өтінген. Тіпті куәлігін көрсетіп, сәл кешігіп қалғаны үшін кешірім сұраған.
Астана әкімдігі мәліметінше, видеодағы қария - тыл ардагері, профессор Теңдiк Изақов.
Бұл оқиғадан соң әкімдік өкілдері Теңдiк Изақовпен және оның жақындарымен кездесіп, болған жайт үшін кешірім сұраған. Олардың айтуынша, трибунаға тек арнайы тізім арқылы кіргізген, ал бұл тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарының өтініштері негізінде жасалған.
"Парадқа еліміздің барлық аймағынан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Алайда Теңдiк Изақовтың отбасынан ешқандай өтініш түспеген", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.
Теңдiк Изақов 9 мамырда өтетін гүл қою рәсіміне арнайы шақырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!