Астанада Орыс үйі алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Бүгін мұнда Ресей Федерациясының президенті сайлауына дауыс беру өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына тілші бірнеше метрге созылған кезектің сурет және видеосын жолдаған. Ол кезекте кемінде мың адам тұрғанын айтады.
Бүгін таңертең Орыс үйі мәдениет орталығында екі сайлау учаскесі ашылған.
Сондай-ақ, бүгін Алматы, Орал және Өскемен қалаларында да сайлау учаскелері жұмыс істейді. Алматыда да дауыс беретін орын маңында үлкен кезек бар екені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!