- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанадағы өрт: ғимаратты...
Астанадағы өрт: ғимаратты жөндеуге мемлекеттен ақша бөлінетіні рас па?
Фото:
Астана әкімдігінен
Астана әкімдігі Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінде шыққан өрт салдарынан зақымдалған үйлерді жөндеуге мемлекеттен ақша бөлінеді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды.
Әкімдік мәліметінше, үйде өрт болғанын ескерсек, бұл - төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина