Елордада нөсер жаңбыр жауып, бірнеше көшеде су жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, қаладағы 610,8 шақырым кәріз желісі нөсерден соң суға толып қалған.

"Жауын-шашын мол жаууына байланысты бірқатар көшеде су жиналды. Қазір жаңбырдан соң жиналған суды сору үшін 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлық коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен