Астанадағы мешіттің бірінде тосын жағдай болды

Астанадағы мешіттің бірінде тосын жағдай болды
Фото: ІІМ

Астананың мешіттерінің бірінде қымбат бренд күртеше ұрланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында белгісіз адам мешітке келіп, дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімінің арасынан Moncler брендінің қара күртешесін ұрлап кеткені анықталған. Келтірілген материалдық шығын құны - 1 млн теңге.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget