Астанадағы LED-экранда интим қызметтердің бағасы көрсетілген жарнама пайда болды

Астанадағы LED-экранда интим қызметтердің бағасы көрсетілген жарнама пайда болды
Фото: Скрин видеодан

Астанада "Керуен Сити" сауда орталығының қарсысында ашық мазмұндағы және бағасы доллармен көрсетілген жарнама пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда тұрғындары үлкен LED-экранда интим қызметтерді жарнамалаған бейнежазбаға таңғалды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар бірден әлеуметтік желілерге тарады.

Астана Ішкі саясат басқармасы бұл оқиға әлеуметтік желілерді тексеру кезінде байқағанын хабарлады.

"LED-экранда ашық мазмұндағы хабарландыру орналастырылғаны тіркелді. Басшылық мәліметінше, құқықбұзушылық Wi-Fi желісін бұзып кіру арқылы жасалған. Экран иесімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, қызметтік тексеріс жүргізілді, осындай жағдайдың қайталануын болдырмау мақсатында LED-экран алынған", – деп мәлімдеді әкімдік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget