Астанадағы Қалибек Қуанышбаев театрына ұлттық мәртебе беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жошы хан" спектаклінен кейін айтты.
Президент театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, өнер ордасына ұлттық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдағанын хабардар етті. Оның сөзінше, тиісті Жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады.
Еске салайық, бүгін, 22 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанған "Жошы хан" спектаклінің премьерасын көрермендермен бірге тамашалады. Мемлекет басшысы қойылымға жоғары баға берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!