Астанада Әлімбаев көшесі бойынша Амман көшесінен Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Осыған байланысты осы жылғы 14-16 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!