Астаналық өртсөндірушілер қонақүйдегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесіндегі қонақүй бөлмесінде үй заттары мен жиһаздар өртенді.
"Құтқарушылар отты тез арада сөндіріп, оның таралуына жол бермеді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт болған кезде үй-жайда ешкім болмады. Зардап шеккендер жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!