Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 26 маусым күні сағат 20:00-ден 27 маусым сағат 20:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабық болады.
Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!