Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің хабарлауынша, ссыған байланысты 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.
"Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!