Астанадағы кейбір автобустардың қозғалыс кестесі уақытша өзгерді

Астанадағы кейбір автобустардың қозғалыс кестесі уақытша өзгерді
Фото: Tengrinews.kz

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір автобустардың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №№2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 57, 60, 66 бағыттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгертілді.

Өзгерген қозғалыс сызбасын мына жерден көруге болады.

City Transportation Systems жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан