Астанадағы Қараөткел көпірі бір айға жартылай жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қараөткел көпірінің Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізілетінін айтты.
Осыған байланысты 14 шілдеден 15 тамызға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!