Астанадағы қалалық балалар ауруханасында өрт шықты

Астанадағы қалалық балалар ауруханасында өрт шықты
Фото: depositphotos.com

Түнде №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт шықты. Оқиға туралы Астана әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, 11 сәуірде сағат 22:48-де №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының ғимараттарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Сағат 22:55-те оқиға орнына 101 қызметі жетті. Сағат 23:08-де өрт сөндірілді.

"Шұғыл қызметтер мен медицина қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Өртке байланысты балалар көрші ғимаратқа көшірілді", — делінген таратылған хабарламада.

Өрттің шығу себептері хабарланған жоқ.

Еске салайық, Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Өрт орнынан кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget