Астанадағы жол қиылыстың бірі екі күнге жабылады

Коммуналдық қызметтер Астанадағы достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы учаскені толығымен жабады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық/Ақмешіт көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлайды", - делінген елорда әкімдігінің сайтында.

Осыған байланысты 24-25 тамыз аралығында бұл қиылыс толығымен жабылады.

Автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.

Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерінің алдын алу үшін өз бағытын тиімді жоспарлауды сұрайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!