Астанадағы ЖЭО-2-де компенсатор жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана Энергия" АҚ мәліметінше, 9 ақпанда сағат 11:44-те басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ТА-4 өшірілген. Салдарынан компенсатор жарылып кеткен.
"Бұл апат емес. Барлық ақаулар жойылып, ТА-4 жұмыс істеп тұр. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВт. Бұл ЖЭО-2-нің жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ", - делінген "Астана Энергия" мәлімдемесінде.
Энергетика министрлігі мәліметінше, қазіргі уақытта ЖЭО-2-дегі 4-турбина жұмыс істеп тұр.
"Суретте көрсетілген ақаулар тұтынушыларға электр және жылу энергиясын шектемей жойылды. Суртте 10 ақпанында аяқталған жөндеу жұмыстарының барысы көрсетілген", - деп хабарлады министрлік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!