Астаналық көлік жүргізушілері ерекше камераны байқап қалды. Бұл қандай камера? Tengri Auto тілшілері анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Астана әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының мәліметінше, астанада жол және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, пилоттық жоба іске қосылған. Жоба аясында Ш. Айтматов көшесі бойынша Қорғалжын тасжолы жағынан Қ. Мұхамедханов көшесіне қарай аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған.
Құрылғыда бірнеше ақпарат қамтылады:
Сонымен қатар, басқарма мәліметінше, пилоттық жобаның қолданылу кезеңінде жүргізушілер ереже бұзған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылмайды.