Астанадағы Есіл ауданында шыққан өрт жұртты шошытты

Астанадағы Есіл ауданында шыққан өрт жұртты шошытты
Фото: Tengrinews.kz

Астанадағы Есіл ауданында өрт шықты. Оқырмандар қою қара түтіннің суреттерін редакцияға жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ашық алаңда жиналған қоқыс өртенген.

"Шұғыл түрде өрт оқпандары тартылып, су үздіксіз берілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Көп ұзамай өрт толық сөндірілді. Өрттің аумағы 50 шаршы метр болды. Зардап шеккендер жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget