Астанада емханалардың бірінен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
61 жастағы елорда тұрғыны телефоны ұрланғаны жөнінде полицияға арызданды. Айтуынша, ол дәрігер бөлмесіне кірген кезде сөмкені ілгішке тастап кеткен. Бір телефон сөмкеде болған, ал екіншісін өзімен бірге алып кірген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Нәтижесінде жігіт телефонды сөмкеден жасырын ұрлап кеткені анықталды. Күдікті ұрлық жасағанын мойындады.
Келтірілген материалдық шығын – 450 мың теңге.
Астананың полиция департаменті азаматтарға мұқият болуға және жеке заттарын қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға кеңес берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!