Астанадағы екі қабатты жатақханада өрт шықты

Астанадағы екі қабатты жатақханада өрт шықты
Фото: depositphotos.com

Астаналық құтқарушылар өрт кезінде екі адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың Алматы ауданы Ошақты көшесіндегі екі қабатты жатақханада өрт шықты.

Өрт сөндірушілер мекенжайға жеткенде тұтанып жатқан үй заттарын дереу сөндірді.

"Түтінді жерден екі тұрғын эвакуацияланды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан