Астанадағы "Думан" ойын-сауық орталығы электронды саудада сатылып кетті. Электронды тендердің аяқталғаны туралы мәлімет gosreestr.kz сайтында жарияланды. "Думан" 3 миллиард 403 миллион 500 мың теңгеге сатылды. Сауда бүгін, 12 сәуірде аяқталды. Барлығы 2 өтініш келіп түсті.
Жарнамада сауда түрі электронды тендер деп көрсетілген. Орталықтың бастапқы бағасы 3 миллиард 403 миллион 306 мың 144 теңгеден басталды. Саудаға қатысушылар үшін кепіл жарнасы - 63 миллион 360 мың теңге.
Электронды сауда алаңында жарияланған ақпаратта тендер шарттары көрсетілген: Нысанның қызмет профилін, оның ішінде кемінде он жылға дейін балаларға және ересектерге арналған ойын-сауық қызметін көрсетуді сақтау. Тендер шарттарында нысанды қайта ұйымдастыру қажеттілігі де көрсетіледі.
Айта кетейңк "Думан" 2003 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Ойын-сауық орталығында океанариум, "Джунгли" аниматроникстер театры, экзотариум-хайуанаттар бағы, 5D - кинотеатр мен кәдесыйлар дүкені орналасқан.
Дереккөз: tengrinews