Астанадағы дөнер кафесіндегі жарылыс: оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады

Фото: видеодан алынған кадр

Астанада тамақтану орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Байқоңыр ауданында дөнер кафесі жанып жатыр.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады.

Төтенше жағдай орнында астаналық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан