Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы бойынша Жұлдыз айналымынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскедегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қозғалыс осы жылдың 29 шілдесінен 1 тамызына дейін ішінара жабылады (бұрын жолдың екінші жағы жабылғанын еске саламыз). Бұл ретте көлік қозғалысы бір бағытта (қала бағытынан әуежай бағытына қарай) жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген схемаға сәйкес Жұлдыз айналымының учаскесі ішінара жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - деп хабарлады Астана әкімдігі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз