Астанадағы дәмханада жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәмханадағы төтенше жағдай салдарынан 6 ер адам – кафенің қызметкерлері зардап шеккен.
"Жедел медициналық жәрдем бригадасы оларды №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді. Мамандар зардап шеккендерді қарады. Төртеуінің беті мен денесін күйік шалған, олар әртүрлі дәрежедегі күйік шокымен келді. Екеуі уланып қалған", – деп жазылған елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.
Мәліметке сүйенсек, зардап шеккен тағы екі адам 3 және 5 пайыз деңгейінде термиялық күйік алған. Олар амбулаториялық емделуге жіберілген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада газ баллоны жарылып, дәмхана түгі қалмай опырылып қалғаны хабарланды.
ТЖМ мәліметінше, төтенше жағдай Алматы ауданындағы Ақыртас көшесінің бойында болған. 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ баллоны жарылып, салдарынан опырылып, ғимарат жанып кеткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз