Астанадағы дәмханадағы жарылыс туралы жаңа деректер белгілі болды

Астанадағы дәмханадағы жарылыс туралы жаңа деректер белгілі болды
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде полицияның төтенше жағдай орын алған жерден адамдарды алып шығу үшін Астанада өртеніп жатқан дәмхана ғимаратына қалай кіргені бейнеленген видео пайда болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақыртас көшесіндегі дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылған болатын.

"Бұл оқиғаға республика ІІМ мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері куә болды", – деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері Диас Әбітбек, Нұржан Ысқақов және Бақытжан Рахат зардап шеккендерге көмек көрсетті. Олар өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем шақырып, өртеніп жатқан ғимараттан азаматтарды эвакуациялаған.

"Адамдар сыртқа шықты, бірақ кейбіреулері ішінде қалды. Мен оларға дер кезінде шығуға көмектестім, содан кейін ғимаратта ешкімнің қалмағанын тексердім. Қуанышқа орай, іште ешкім болмады. Үш минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер келді, біз оларға бөлмеде төрт газ баллоны бар екенін айтып, ескерту жасадық", – деді Диас Әбітбек.

Айта кетейік, газ баллоны жарылғаннан кейін екі қабатты тұрғын үйге іргелес орналасқан дәмхана опырылып құлаған болатын. Алты адам жарақат алып, жедел жәрдем бригадасына жүгінді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті толығымен сөндірді, көлемі 50 литрлік 4 тұрмыстық газ баллон қауіпсіз жерге жеткізіліп, үйінділер тазартылды. Опырылған жер шамамен 60 шаршы метр болды.

Еске салайық, дәмханадағы төтенше жағдай салдарынан 6 ер адам зардап шеккен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева