- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанадағы дәмханада келушілерге...
Астанадағы дәмханада келушілерге лағман орнына есірткі ұсынылған
Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап ұстады.
"Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. "Тосқауыл" ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек