Астанадағы бір көше екі аптаға жабылады

Астанадағы бір көше екі аптаға жабылады
Фото: Көрнекі сурет

Астанадағы Сарыарқа даңғылынан бастап Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында аталған аймақ ішінара жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді. 

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының айтуынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен, екі бағытта ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева