Астанадағы Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады

Астанадағы Байқоңыр ауданында тағы 20 қоғамдық кеңістік ашылады
Фото: Астана қаласы ІСБ

Байқоңыр ауданында абаттандырылған аулалардың саны 2023 жылы 205-ке дейін өсті. Келер жылы 90 аула кеңістігінде жалғастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді айтып берді, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Талғат Рахманберді өз сөзінде аудандық әкімдік жұмысының маңызды бөлігі тұрғындардың бос уақытын қолайлы өткізуіне жағдай жасау екенін айтып өтті. Жыл сайын жаңа орындар мен аулалар жабдықталады.

«Биыл 11 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, 25 аулада кешенді абаттандыру жүргізілді, 42 аулада ойын және спорт аймақтары жөнделді. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 аула абаттандырылды. Жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесі бойынша абаттандырылған аулалар санын 205-ке дейін жетті, бұл ауданның барлық аула аумағының 84%-ын. (245 аула) құрады», - деді аудан әкімі.

Бұдан басқа, 2024 жылы тиісті қаржыландыруды бөлу кезінде ауданда 20 қоғамдық кеңістік ашу, сондай-ақ 90 аулада абаттандыру жүргізу жоспарланып отыр.

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша 20 жаңа контейнерлік алаң орнатылып, 200 жұмыс істеп тұрған алаңға жөндеу жүргізілді, 50 күл контейнері дайындалды.

2024 жылы қолданыстағы 300 алаңды жөндеу, кеңейту және 100 күл контейнерін дайындау жоспарланып отыр.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал

Massaget.kz