Астанада тұратын көпбалалы отбасылардың балалары мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы білім басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл қыркүйектен бастап Астана әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде "Астананың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулы қабылдады. Қаулы шеңберінде халықтың әлеуметтік жағдайы төмен тобынан шыққан балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі", - деді елордалық білім басқармасы.
Ведомство Астананың мектепке дейінгі ұйымдарында қандай санаттар тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін нақтылады:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!