Астанадағы айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылмақ

Астанадағы айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылмақ
Фото: depositphotos.com

"Балқарағай" демалыс аймағынан Павлодар бағытындағы жолайрыққа дейінгі учаске уақытша жабылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компанияның мәліметінше, 3-13 мамыр аралығында KZ 01-01 "Астана айналма жолы" учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Балқарағай" демалыс аймағына бұрылыстан бастап, Павлодар бағытындағы көлік айрығына дейінгі жол қозғалысы шектеледі. Жабылатын учаскенің ұзындығы - 8 шақырым. Бұл аралықта жол жабынын фрезалау, топырақты ретке келтіру және асфальтбетон жабынының екі қабатын төсеу жоспарланған", - деп хабарлады компания өкілдері.

Сурет: "ҚазАвтоЖол"

Жол жабынының төменгі және жоғарғы қабатын төсеу арасында технологиялық үзіліс қарастырылған. Осы уақыт ішінде учаскедегі көлік қозғалысы уақытша ашылады.

Компания жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша шектеулерді ескеруді және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget