Астананың айналма жолының бір бөлігінде 9-13 тамызы аралығында қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеулер KZ01-01 "Астана қаласын айналып өту" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 22-ден 30-шақырымға дейінгі бөлігіне енгізіледі.
Астана айналма жолындағы қозғалысты уақытша шектеу схемасы. Дереккөз: "ҚазАвтоЖол"
Уақытша шектеулер орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілген.
Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілеріне назар аудару сұралды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz